"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Курское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тарих мұрасы" жас тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының облыстық конкурсы

11.04.2022

2022 жылғы 6-8 сәуір аралығында Щучинск қаласында Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың "Тарих мұрасы" зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының облыстық конкурсы өтті. Есіл ауданы Курский жалпы білім беретін мектебінің 5 - сынып оқушысы Амангелді Көпжесаров облыстық ғылыми жұмыстар мен жобалар конкурсына қатысты. Амангелді "Аудан тарихында өз ізін қалдырғандар" номинациясында "Ұстаз, сенің атыңның алдында" атты жұмысын ұсынды, жоба жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі А.Н. Шайхыстанова.

Бұл байқаудың мақсаты: оқушылар мен педагогтар арасында патриотизмді қалыптастыру, туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұраларына көз жеткізу, өлкетану жұмыстарын барынша қызықты ету.

50-ге жуық оқушы облыстық ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауына қатысты. Амангелді көпжесаров Есіл ауданын лайықты таныстырып, байқау қорытындысы бойынша 3 орынды иеленді.

Просмотров: 35


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст