"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Курское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылында «Тілдер» онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар жөнінде есеп.

16.09.2022

Мақсаты:  Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту- Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру

         Тілдер онкүндігіне арналған іс шаралар жоспары құрылды. Тілдер онкүнігі «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» атты сапқа жиыны басталды. Оқушылар тілге байланысты өлең жырларды қазақ ,орыс,ағылшын тілдерінде оқыды.

4-5 сыныпқа қазақ тілі мұғалімі Жанабергенова Г.Е  «Бала тілі бал» атты  викторина ойынын өткізді. Оқушыларға викторина ұнады.

«Тілім менің -тірегім» атты сынып сағаттын педагог-психолог  Шайхыстанова А.Н. 7 сынып оқушыларына  өткізді.

 «Тіл –тірегім соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыбына көрмені мектеп кітапханашы Тетянюк А.С. ұйымдастырды. Тетянюк А.С 7-8 сыныптар арасында «Тіл алтын-қазына» атты тақырыбына қабырға газетін шығарды. Оқушылылардың тілге деген қызығушылығын артырды.

Орыс тіл мұғалімі: Смолева Е.А. 5 сыныпқа Интеллектуалды ойын «Хочу все знать»  атты сайысын өткізді.

Ағылшын тілі мұғалімі: Жусупова М.К. 4 сыныпқа «I Iike to learn English» cайысын өткізді. Оқушылар белсенділік танытты.

«Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тәрбие сағатын 7 сыныптар арасында Нурила К. ұйымдастырды. 7 сынып арасында өткізілген шаралар өз деңгейінде ,қызықты өтті.

Бастауыш сынып оқушылары үшін «Тіл - асыл казына» атты   сыныптан тыс сабақ өткізілді.Оқушылардың  Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу, Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Қазақ тілі мұғалімі: Шайхыстанова А.С. жауапты болды.

 Жоғары сынып оқушылары арасында «Ана тілі және өзге халықтың тілдерін сыйлау әр-азаматтың міндеті» атты тақырыбы бойынша эссе жазу сайысы өтті. 8-11 сыныптар арасында ұйымдастыруымен өткізілген шараға әкімшілік өз бағасын берді. Іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтында бар. Қорыта келгенде, «Тіл онкүндік» аясында жоспарланған жоспар бойынша ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Ұсыныстар:

Шығарма сайысының деңгейін арттыру.

Тілге дарынды оқушылармен жұмысты ары қарай жалғастыру.

Онкүндік жабылу кезеңінде мектеп  координатор флешмоб өткізді 60 оқушы  қатысты өте жақсы  көңіл күйде өтгізді.  Онкүндік жабылу кезеңінде ұйымдастыру,жүлдегерлерді марапаттау.

 

ӘБ жетекшісі        Нурила К.

 

Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст